Йеменнің «Ансаролла» қозғалысы Сауд Арабиясының одақтас күштеріне шабуыл жасады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i85208-Йеменнің_Ансаролла_қозғалысы_Сауд_Арабиясының_одақтас_күштеріне_шабуыл_жасады
ParsToday - Жаңалықтар көздері Йеменнің Ансаролла қозғалысының Шабва провинциясындағы Сауд Арабиясымен одақтас күштерге шабуыл жасағанын хабарлады.
(last modified 2026-08-10T17:47:54+00:00 )
Там 10, 2026 22:43 Asia/Almaty
  • Йеменнің «Ансаролла» қозғалысы Сауд Арабиясының одақтас күштеріне шабуыл жасады

ParsToday - Жаңалықтар көздері Йеменнің Ансаролла қозғалысының Шабва провинциясындағы Сауд Арабиясымен одақтас күштерге шабуыл жасағанын хабарлады.

ParsToday Ирнаға сілтеме жасап хабарлауынша, Йеменнің Ансаролла қозғалысы Байхан аймағындағы (оңтүстік Йемен) Шабва күштерінің базаларын зымыран және дрон шабуылдарымен нысанаға алған.

Шабва қорғаныс күштері - Йеменнің оңтүстігіндегі Сауд Арабиясы бастаған коалициямен бірлескен әскери бөлімшелер.

Жақында Ансаролла Таиз провинциясындағы (оңтүстік Йемен) Әл-Мухадағы Сауд Арабиясы мен отставкаға кеткен Йемен үкіметімен байланысты күштердің позицияларына екі рет шабуыл жасады.