Сионистік режимнің қайраткері Сириядағы лаңкестердің базасына жасырын түрде сапар шекті
(last modified Mon, 30 May 2016 16:11:24 GMT )
Maм 30, 2016 22:11 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің қайраткері Сириядағы лаңкестердің базасына жасырын түрде сапар шекті

Сионистік режим үкіметінің аймақтық ынтымақтастық министрінің орынбасары Сирияның Халеб қаласындағы лаңкестердің базасына жасырын түрде сапар шеккенін мойындады.

Сирия армиясы мен оның одақтастары осы елдің солтүстігінде орналасқан Халеб қаласын шетелдіктердің қолдауына ие болып отырған лаңкестердің қарамағынан шығаруға талпыныс жасап жатқан жағдайда сионистік режим үкіметінің аймақтық ынтымақтастық министрінің орынбасары Аюб Кара осы аймаққа сапар шекті. Осыдан бір ай бұрын Сирия қайраткерлері мен жергілікті халық Сирияның оңтүстігінде Эс-Сувейда облысында израильдік қаруларға толы бір жүк көлігін тәркілеген болатын.