Жүздеген лаңкес Түркиядан Сирияның солтүстігіне аттанды
Маусым 09, 2016 20:22 Asia/Almaty
Өткен сейсенбі күні Сирия өртіне бақылау жасайтын ресейлік орталық түркиялық қару-жарақ тиеген бір топтың Сириядағы ДАИШ лаңкестік тобы басып алған аймақтарға енгенін хабарлап: «Сәрсенбі күні Түркияның шекарасынан Сирияның солтүстігіндегі Алеппоға 160 лаңкес аттандырылып, олар ән-Носрат лаңкестік тобының саптарына қосылды" деп мәлім етті.
Сирия қақтығыстарының басынан осы ел үкіметін құлату әрекеттеріне шынайы түрде демеушілік жасап отырған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның әуежайларын халықаралық лаңкестердің Сирияға енетін өткеліне айналдырып отыр.
Тегтер