Сирия шетелдік күштердің осы елде болуына реакция танытты
(last modified Wed, 15 Jun 2016 15:30:04 GMT )
Маусым 15, 2016 21:30 Asia/Almaty
  • Сирия шетелдік күштердің осы елде болуына реакция танытты

Дамаск шетелдік күштердің Сирияның солтүстігінде болуын сынады.

Сирия СІМ-дегі бір ресми дереккөзі Дамасктің француздық және германиялық арнайы күштердің Сирияның солтүстігіндегі Халеб облысына қарасты Кобани мен Манбидж аймағындағы заңсыз құзырын айыптайтынын мәлімдеді. Осы мәлімет бойынша, Дамаск осы күштердің құзырын ашық араласу және халықаралық заңдарды бұзу деп атап, оны Сирияның билігі мен тәуелсіздігіне қарсы ақтауға болмайтын шара деп санайды. Сондай- ақ осы мәліметте "Сирия халқы өздерінің Сирия билігі мен жер тұтастығына берік екендігін әрі тәкфирлік лаңкестіктің толығымен көзі жойылғанша мемлекетті қорғайтынын тағы да қуаттайды" деп жазылған.

Кейбір дереккөздері "Германиялық бір әскери бөлімше Сирияның демократиялық күштеріне көмек көрсету және ДАИШ- ке қарсы соғысқа атсалысу мақсатында Манбидж қаласына жетті. Олар таяуда аймақтағы құзыры жария болған шамамен 500 америкалық кеңесші және сарбазбен бір топ француздық сарбаздарға қосылуды көздеп отыр" деп мәлімдеді.

Тегтер