-
Сақшылар корпусы Систан-Балучистан облысында су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек жіберді
Қаң 14, 2020 12:32Ислам революциясы Сақшылар корпусы құрлық күштерінің оңтүстік-шығыс Құдс базасы Систан-Балучистан облысында су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға тұрмыстық жабдықтар, тұрмыстық техника және инженерлік-көлік жабдықтарын жіберді.
-
Сардар Солеймани қарсыласу қозғалысының ең мықты ту ұстаушысы болды
Қаң 13, 2020 15:10Ливан Хизболласының бас хатшысы Ислам революциясы Сақшылар корпусының "Құдс" арнайы жасағының қолбасшысы сардар Ғасем Солейманиді қарсыласу қозғалысының ең мықты ту ұстаушысы болғанын айтты.
-
Иран Сыртқы істер министрі Оманның жаңа сұлтанымен кездесті
Қаң 12, 2020 16:35ИИР үкіметі атынан Оманның марқұм сұлтанымен қоштасу рәсіміне қатысу үшін Масқатқа барған Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Оманның жаңа сұлтаны Хайсам бен Тарекпен кездесіп, сұхбаттасты.
-
Хайсам бен Тарек Ал Саид Оманның жаңа Сұлтаны болды
Қаң 11, 2020 15:53Оман Сұлтаны Қабус бен Саид қайтыс болғаннан кейін Хайсам бен Тарек Ал Саид Оманның жаңа Сұлтаны атанды.
-
Иранның АҚШ-тың Ейн әл-Асад базасына жасаған шабуылы
Қаң 10, 2020 15:21Ислам революциясының Сақшылар корпусы сәрсенбі күні таңертең АҚШ үкіметінің сардар Ғасем Солейманиді қазаға ұшыратқан лаңкестік әрекетке жауап ретінде ондаған зымыранмен Ирактың әл-Анбар және Эрбил облыстарындағы америкалық әскери базаларды нысанаға алды. Ислам революциясы Сақшылар корпусындағы хабардар басшылардың бірі: «Зымырандық шабуылдың нәтижесінде кемінде 80 америкалық әскери өліп, 200-ден астамы жарақат алды»,- деп мәлімдеді.
-
Моқтада Садр: Ирак АҚШ үшін екінші Вьетнамға айналады
Қаң 07, 2020 16:03Ирактың "Садр" ағымының басшысы АҚШ Президентіне: "Ирак америкалық әскерилер үшін екінші Вьетнамға айналады",- деп қуаттады.
-
Қажы Ғасем Солейманиді қастандықпен өлтірудің себептері мен салдарлары
Қаң 06, 2020 16:58Ливан Хизбулласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы қажы Ғасем Солеймани мен Ирактың «Хашд әш-Шааби» халықтық күштері басшысының орынбасары Абумаһди әл-Моһандестің шәһид болғанына байланысты арнайы рәсімде АҚШ-тың осы қылмысының себептері мен салдарларын түсіндіріп, оның Батыс Азияда жаңа тарихтың қалыптасуының факторы деп атады.
-
Наджафта АҚШ шабуылында шәһид болғандармен қоштасу рәсімі өтті
Қаң 05, 2020 11:34Наджаф Ашрафтағы хазірет Әлидің (ғ.) кесенесінде шәһид Ғасем Солеймани мен оның майдандастарымен қоштасу рәсімі өтті.
-
Асад: Сирия халқы шәһид Солейманиді ешқашан ұмытпайды
Қаң 04, 2020 16:05Сирия Президенті Башар Асад Ислам революциясы жетекшісіне жолдауында сардар Ғасем Солейманидің шәһид болуына байланысты көңіл айтып, Сирия халқының шәһид Солейманиді ешқашан ұмытпайтынын қуаттады.
-
Каземейн қаласындағы Исламның ержүрек шәһидтерімен қоштасу рәсімі
Қаң 04, 2020 14:38Ирактың Каземейн қаласында Исламның ержүрек шәһидтері Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы қажы Ғасем Солеймани және онымен бірге қаза тапқандармен қоштасу рәсімі өтті.