-
Сирия дағдарысында 370 мың адам жан тапсырды
Нау 17, 2019 06:00Сирияның адам құқығын қорғаушы тобы жұма күнгі бір есепте Сирияда болған 8 жылдық соғыстың құрбандар санына тоқталып: "2011 жылы наурызда Сирияда дағдарыс басталғаннан осы күнге дейін 371 222 адам жан тапсырды. Олардың арасында 21 мыңнан астам бала мен 13 мың әйел бар",-деп мәлімдеді.
-
Иран Президентінің Ирактағы үш күндік кеңесі аяқталды
Нау 14, 2019 16:43ИИР Президенті Иракқа жасаған стратегиялық маңызды сапарының үшінші күні Наджаф қаласына барып, Ирак шиіттерінің жоғары дәрежелі діни тұлғасы аятолла Систанимен кездесіп, сұхбаттасты.
-
Ердоған Нетаньяхуды бала өлтірді деп айыптады
Нау 14, 2019 14:04Түркия Президенті Израильдің Премьер-министрін Палестина жерінде бала өлтірді деп айыптады.
-
Иран Президенті Наджаф қаласының үлемдерімен кездесті
Нау 14, 2019 11:50Хасан Рухани Наджаф қаласында діни тұлға аятолла Мұхаммад Саид Хакиммен кездесуінде Иран мен Ирактың кең ауқымды жақсы қарым-қатынасына тоқталып, екі елдің әріптестікті одан ары дамытуы мен аймақтық және халықаралық мәселелерді шешуде рөл атқаруына жағдайдың басқа кезден көбірек жасалғанын баса айтты.
-
Рухани хазірет Әлидің (ғ.с.) қасиетті кесенесіне зиярат жасады
Нау 13, 2019 12:48ИИР Президенті Хасан Рухани мен қасындағы делегациясы бүгін, сәрсенбі күні хазірет Әлидің (ғ.с.) қасиетті кесенесіне зиярат жасап, қасиетті кесенеде намаз оқып, шиіттер әлемінің бірінші имамының зияратнамасын оқып, дұға тіледі.
-
Иран мен Ирактың ортақ мәлімдемесі қарым-қатынастарды кеңейтуге негізделді
Нау 13, 2019 12:15Иран мен Ирак ортақ мәлімдемесінде екі елдің барлық салалардағы қарым-қатынасын кеңейтуді қуаттады.
-
Рухани: Иран мен Ирак халықтары мәдени және наным-сенім тұрғыларынан біртұтас
Нау 13, 2019 12:05ИИР Президенті сейсенбі күні кешке қасиетті Кербала қаласында Ирактың діни басшылары мен тұлғаларының ортасында Иран мен Ирак халықтары мәдени және наным-сенім тұрғыларынан біртұтас екенін қуаттап: «Ешбір ел біртұтас үмбетті бір-бірінен ажырата алмайды»,- деді.
-
Иран мен Ирак байланыстарының жаңа кезеңі басталды
Нау 12, 2019 17:05ИИР Президенті Хасан Рухани Ирак Президенті Бархам Салех пен Премьер-министрі Адел Абдулмаһдидің ресми шақыруымен дүйсенбі күні саяси-экономикалық жоғары деңгейлі делегацияны басқарып, үш күндік сапармен Бағдадқа аттанды.
-
Рухани: Аймақтағы лаңкестерді жоюда Батыс елдері ешқандай рөл атқарған жоқ
Нау 12, 2019 15:23ИИР Президенті аймақтағы лаңкестерді жоюда Батыс елдерінің ешқандай рөл атқармағанын, олардың тек ұшақтары және тікұшақтарымен жасанды қойылым көрсеткенін барша білетінін қуаттады.
-
Рухани ирактық партиялардың өкілдерімен кездесуінде лаңкестікпен күресу керектігін баса айтты
Нау 12, 2019 12:24ИИР Президенті Ирактың саяси өкілдерімен кездесуінде аймақта толық қауіпсіздік пен тұрақтылық орнатып, лаңкестіктің тамырын жою үшін ұзақ жолды өту керек екенін мәлімдеді.