Әзірбайжан республикасының президенті Ыстамбұл әуежайындағы жарылысты айыптады
Маусым 29, 2016 21:27 Asia/Almaty
Әзірбайжан республикасының президенті өзінің түрік әріптесіне жолдауында Ыстамбұл әуежайындағы лаңкестік жарылысты айыптады.
Илхам Әлиев осы үндеуде Әзірбайжан республикасының үкіметі мен халқының Түркия үкіметі мен халқының қайғысына ортақтастық білдіретінін мәлімдеді. Осы жолдауда сондай- ақ "Әзірбайжан республикасы бүкіл әлем күш жұмылдырып, осындай қанқұйлы шаралардың алдын алу үшін бірігетіндігіне сенеді" деп жазылған.