Франция елшісі Иранның СІМ-не шақырылды
(last modified Wed, 13 Jul 2016 09:22:03 GMT )
Шіл 13, 2016 15:22 Asia/Almaty
  • Франция елшісі Иранның СІМ-не шақырылды

Францияның ИИР-дағы елшісі Парижде «Мұнафықтар» лаңкестік тобының басқосуы өткеннен кейін Иранның СІМ-не шақырылды.

IRNA ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, ИИР СІМ-нің Батыс Еуропа департаментінің басшысы Абылқасым Долфи Францияның ИИР-дағы елшісін шақыртып, оған Иранның аталмыш басқосудың өткеніне қатты наразы екенін мәлімдеді.

Абылқасым Долфи: «Қолдары Иран халқының қанына малынған адамдардың бас қосуы, мұның Талибан, әл-Каида мен ДАИШ сияқты лаңкестік топтардың негізін қалаушы әрі сионистерінің серігі тарапынан ұйымдастырылуы және олардың Франция жерінде ИИР-на қатысты жөнсіз сөйлеуі – қабылдауға келмейтін іс»,-деп баса айтты.

Ол, сондай-ақ, Франция үкіметінен осы лаңкестік топқа қатысты және Парижде тәкфирлік лаңкестердің негізін қалаушылар мен демеушілердің, адамзатқа қарсы лаңкестік топтардың Иранға қарсы сөздеріне қатысты ресми ұстанымын жариялауды талап етті.

Франция елшісі осы ел үкіметінің аталмыш лаңкестік топпен ешқандай байланысының жоқтығын, оны ресми түрде танымайтынын мәлімдеп, ИИР-ның наразылығын тез арада Франция басшыларына жеткізетінін айтты.

Тегтер