Шіл 17, 2016 14:37 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Калифорния штатында қанды атыс болды

АҚШ-тың Калифорния штатының оңтүстік батысында бір қарулы адамның халыққа оқ жаудыруы салдарынан 14 адам жарақат алды.

«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, көлікке мінген белгісіз адам сенбі күні Калифорния штатының Бейкерсфилд қаласының маңында бір қонаққа келген адамдар тобына оқ жаудырып, 14 адамды жаралады.

2016 жылдың алғашқы алты айында АҚШ-та 24532 оқ ату оқиғасы орын алған, соның салдарынан 6303 адам қаза тауып, 12952 адам жараланған.

Тегтер