Шіл 18, 2016 20:53 Asia/Almaty
  • Иран қатыгездікпен күресті қуаттады

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы азиялық елдердің дамуға және қатыгездік, сонымен қатар әсірешілдікпен күрес мақсаттарына қол жеткізуде көбірек ынтымақтастық жасауы қажеттігін қуаттады.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Акбар Велаяти сенбі күні Сингапурда азиялық мигранттар форумының ашылу рәсімінде: "Кедейшілік, артта қалушылық, қауіпсіздіктің болмауы, біржақтылық және әсірешілдік адамзат қоғамының қиыншылықтарына жатады" деді.

Велаяти Иранның саясатын мемлекеттердің егемендігін ресми деп тану және халықтың заңды үкіметтерді сайлаудағы дауысын құрметтеу деп атап: "Иран барлық мүмкіндігімен аймақта кез- келген қатыгездік, әсірешілдік және лаңкестікпен күреседі.

Иран экономикалық мол мүмкіндіктері және қауіпсіздігі әрі тұрақтылығымен азиялық елдердің ынтымақтастығы үшін қолайлы жағдай жасай алады" деді.

Тегтер