Шіл 20, 2016 14:48 Asia/Almaty
  • Обама мен Ердоған Түркиядағы сәтсіз төңкерістен кейін телефон арқылы кеңесті

Түркия Президенті АҚШ Президентінен Фетхуллах Гюленді Анкара үкіметіне беруді сұрады.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Президенті Барак Обама сейсенбі күні Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сұхбаттасып, АҚШ-тың Түркияға өткен аптада осы елде болған сәтсіз төңкерісті тексеру жұмыстарына көмектесуге дайын екенін айтты. Ақ үйдің ақпарат өкілі Джош Эрнест: «Обама осы телефон арқылы сұхбатта Түркия үкіметінен сәтсіз төңкеріске қатысқандармен қатынаста ұстамдылық танытуын сұрады. Түркия Президенті мен АҚШ Президенті, сондай-ақ, АҚШ-та тұрып жатқан Түркия үкіметіне қарсы үгітші Фетхуллах Гюлен жайында сөйлесті»,-деді.  

Түркияның «Хизмет» қозғалысының жетекшісі Фетхуллах Гюлен Түркиядағы сәтсіз төңкеріске қатыстылығын тағы да теріске шығарып, АҚШ үкіметінен оны Түркияға экстрадициялаудан бас тартуын сұрады. Түркия үкіметінің қайраткерлері Гюленді төңкеріс жасауға тырысқан негізгі адам деп таныстырып, Анкараның уәждеріне сәйкес Гюленді жақтаған адамдарды қамауға алып жатыр.  

 

Тегтер