Ұлыбритания Ирандағы адам құқығы туралы уәждерге толы есеп жариялады
Ұлыбританияның Иранға қарсы өшпенді саясатының жалғасында осы елдің СІМ өз есебінде Иран ислам республикасын адам құқығын бұзып отыр деп айыптады.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ұлыбритания СІМ бейсенбі күні Ирандағы адам құқығы жағдайы туралы жариялаған есебінде қаңтар мен маусым айлары аралығындағы Ирандағы адам құқығы жағдайы көңіл алаңдатарлық деген уәж айтты.
Осы мәлімет бойынша аталған мерзімдегі Ирандағы адам құқығының жағдайы өлім жазасы және азаматтардың бостандығы бойынша жақсармаған.
Осы мәліметтің бір бөлігінде «Иран есірткі заттарға қатысты қылмыстарға өлім жазасын қолданады» деп келтірілген.
АҚШ және Ұлыбритания сияқты кейбір Батыс елдерінің Ирандағы адам құқығы жағдайы туралы өшпенді есептері мынадай жағдайда жарияланып отыр: Иран ислам республикасы діни тағылымдар мен Конституция және азаматтық жарғысы бойынша адам құқығы жағдайын жоғарылатуды өз міндеттемесі санап, соған сәйкес қазірге дейін БҰҰ- ның адам құқығына қатысты органдарымен ашық және толассыз ынтымақтастық жасап келеді.