Шіл 23, 2016 14:14 Asia/Almaty
  • Германияның Мюнхен қаласындағы сауда кешенінде атыс болды

Жұма күні түстен кейін Германияның Мюнхен қаласындағы сауда кешенінде болған атыс оқиғасынан 11 адам қаза болып, бірнеше адам жараланды.

ИРНА ақпарат агенттігінің Германияның «Фокус» басылымына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Германияның Bayern штатының Ішкі істер министрлігі Мюнхендегі сауда кешенінде болған атыс оқиғасында қаза тапқандар санының 11 адамға жетіп, бұл санның артып келе жатқанын мәлімдеген.

«Олимпия» сауда орталығында халыққа оқ атқандар туралы таратылған фильмде қастандық жасаушы өзін германиялық және Германияда дүниеге келдім  деп таныстырады.

Германия полициясының айтуынша, куә болғандар сауда кешенінде халыққа қарай оқ атқан үш қарулы адамды көрген.

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Мюнхендегі лаңкестік шабуылды айыптап, Германия халқы мен үкіметінің қайғысына ортақтастық білдіріп: «Бүгінде бейкүнә және қорғансыз халықты өлтіру адамзат тарихындағы бір сұмдыққа айналды. Оны жою үшін екіұшты стандарттардан ада, ауқымды да толассыз күрестен өзге жол жоқ» деді.

Тегтер