Германияның Ансбах қаласында қатты жарылыс болды
Ақпарат көздері Германияның оңтүстігіндегі Ансбах қаласында қатты жарылыс болғанын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі хабарлауынша, ақпарат көздері Германияның Ансбах қаласында болып жатқан бір ән-күй фестивалінде орын алған қатты жарылыс салдарынан кемінде бір адамның қаза тауып, бірнеше адамның жараланғанын хабарлады.
Осы жарылыстан кейін Германияның полициясы, өрт сөндіру қызметі мен көмек көрсету тікұшақтарының жұмысы басталып, ән-күй фестивалі тоқтатылды.
Ансбах полициясы да осы оқиғада бір адамның қаза болғанын растады.
Ансбах қаласының орталық бөлігі толығымен жабылды. Алғашқы мәліметтер бойынша жарылысқа газдың шығуы себеп болған.
Ал Ансбах полиция басқармасының ақпарат өкілі Мишель Кенрад бұл қаладағы газдың шығуын растамай, тек қалада бір жарылыстың болғанын айтты.