Иранда «әл- Каида» тобы бар деген уәждерге Иран реакция білдірді
Шіл 27, 2016 08:13 Asia/Almaty
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми тілшілердің «Америка жуықта «әл- Каида» лаңкестік тобының үш басшысы Иранда. Оларға санкция салынған» деп мәлімдеді деген сауалына берген жауабында: "Иран Ислам Республикасы ондай кісілердің өз жерінде жүргені туралы ешқандай мәліметке ие емес.
Иран Ислам Республикасы әрдайым лаңкестік топтарға тосқауыл қою туралы өзінің мықты талабын қуаттап, халықаралық міндеттемелер бағытында тиісті шара қолданған. Америка жалпылама сөйлеудің орнына нақты мәліметтермен бөлісу арқылы лаңкестік топтарға тосқауыл қою бойынша іс жүзінде үйлесімді әрекет жасасын» деді.