Башар Асад: Батыстың Сириямен дауы оның тәуелсіздігінде
(last modified Wed, 27 Jul 2016 10:03:50 GMT )
Шіл 27, 2016 16:03 Asia/Almaty
  • Башар Асад: Батыстың Сириямен дауы оның тәуелсіздігінде

Сирия Президенті мен Грекияның саяси-парламенттік делегациясы әртүрлі мәселелер, соның ішінде терроризммен күрес жөнінде сұхбаттасты.

Сирияның «Сана» ресми ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирия Президенті Башар Асад сейсенбі күні Дамаскта Грекияның Христиандар  демократиялық партиясы басшысы, «Пазук» партиясы басшысы және осы екі партияның басқа да бірқатар мүшелерімен кездесуінде: «Еуропа елдері  басшыларының көбісінің  Сириямен  дауы оның тәуелсіздігінде. Сириядағы соғыс аймақ пен әлемге көп нәрсе үйретті.  Өйткені лаңкестік толқыны әлемнің көптеген елдеріне, соның ішінде Еуропаға таралды»,-деді.

Асад Батыс елдерінің Сириядағы лаңкестік топтарды қолдайтындығына тоқталып: «Терроризмді қолдау Сирияны әлсіретіп, оны Батыстың саясаттарына бағынышты елге айналдыру мақсатымен жасалды, алайда Еуропа елдерінің қате саясаттары олардың халықтары үшін қауіпсіздік пен экономика тұрғысынан теріс нәтиже берді. Сирия халқы өз елін қорғау үшін тыныштық пен тұрақтылық орнатуға белді бекем буып отыр»,-деп мәлімдеді. 

Грекия делегациясы да Сирияның қазір лаңкестікпен күрестің алғы шебінде тұрғанын ескере отырып, Грекия халқының лаңкестікпен күрес жолында осы елді қолдайтынын қуаттады.

 

 

Тегтер