Американың әуеден жасаған шабуылынан ондаған ирактық қаза болды
Там 04, 2016 00:09 Asia/Almaty
«Әл- Анбар» облысы кеңесінің мүшесі Фархан Мұхаммад: "Американың жетекшілігіндегі коалицияның қырғи ұшақтары осы облысқа қарасты «әл- Ғаэм» қаласында ирактықтардың үйлерін бомбалады. Соның салдарынан кем дегенде 30 ирактық қаза болып, 17 кісі жараланды" деді.
Ирактың қауіпсіздік күштері Басра облысының солтүстігінде төрт лаңкестің құрықталғанын және Ирактың Салаходдин облысының солтүстігінде 50 жарылғыш белбеу мен 50 зымыранның табылғанын хабарлады.