Баку-Мешхед бағытында алғашқы әуе рейсі іске қосылды
(last modified Thu, 11 Aug 2016 07:58:54 GMT )
Там 11, 2016 13:58 Asia/Almaty
  • Баку-Мешхед бағытында алғашқы әуе рейсі іске қосылды

ИИР-ның Әзірбайжан Республикасындағы елшісі және осы ел Парламенті депутаттарының қатысуымен Баку-Мешхед әуе рейсі ашылды.

ИИР-ның Әзірбайжан Республикасындағы елшісі Мохсен Пакаин Бакудың Хейдар Әлиев атындағы әуежайында «Сахар» халықаралық арнасының тілшісіне берген сұхбатында: «Бұл әуе рейсінің ашылуы имам Резаны (ғ.) сүюшілер мен оның кесенесін зиярат еткісі келетіндердің көптеген өтініштеріне жауап берумен қатар, екі елдің экономикалық және туристік қарым-қатынасын дамытуда әсерлі болады»,-деді.

Бұл әуе рейсі «АТА» әуе компаниясының 150 орындық Airbus 320 ұшағы арқылы жүзеге асырылып, аптаның жексенбі, сәрсенбі күндері Бакуден Мешхедке және кері бағытта жолаушы тасымалдайтын болады.

Мұнымен қатар Иран мен Әзірбайжан Республикасының әуе қатынасын дамыту мақсатында жуырда Теһран-Баку-Табриз және кері бағытта әуе рейсі ашылған болатын.

Тегтер