Жүрдек поездар желісін жобалау бойынша Италиямен келісімшарт жасалды
Иранның Жол және қала құрылысы министрінің орынбасары Мохсен Пурсаид Ағаи Иранда жүрдек поездар желісін жобалау үшін италиялықтармен келісімшартқа қол қойылғанын хабарлап:
«Білім саласындағы ынтымақтастықтар, сондай- ақ жүрдек поездарды жобалау тәсілі негізінде екі ел арасында ынтымақтастық келісімшартына қол қойылды.
Жаңа келісімшарт бойынша Иран теміржол компаниясы Иранда жүрдек поездардың жаңа желісін жобалау үшін, соның ішінде Теһран-Исфахан жүрдек поезы желісін толықтыру жобаларына Италия теміржолының кеңесші инженерлерінің кеңестерін пайдаланатын болды.
Француздармен де теміржол вокзалдарын салу және Теһран мен Мешхедте екі қонақ үй және екі сауда орталығын салу туралы меморандумға қол қойылды.
Иранның теміржол компаниясы мен Францияның теміржол компаниясы арасындағы меморандумдардың бірі ортақ жұмыс тобын құру, тәжірибемен алмасу және Франция теміржолының тәжірибесін пайдалануға негізделіп жасалды» деді.