Иранның Солтүстік Хоросан облысы мен Әзірбайжан республикасы арасында сауда байланыстары кеңеюде
Бакудегі ИИР-ның елшісі Мохсен Пакаин Иран мен Әзірбайжан республикалары үкіметтерінің екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту үшін шынайы ерік-жігерге ие екендіктерін айтты.
Бакудегі Иран елшісі Мохсен Пакаин Солтүстік Хоросан сауда делегациясының отырысында сөйлеген сөзінде: «Иран мен Әзірбайжан республикалары мұнайдан тыс экономиканы нығайтуды мақсат етуде. Осы аяда кәсіпкерлер мен жеке сектордың рөлі өте әсерлі» деді. Пакаин Иран мен Әзірбайжан республикасы байланыстарының жақсы деңгейіне тоқталып, биылғы жылдың өткен алты айында екі елдің сауда баланыстары көлемінің 66 пайызға артқанын хабарлады.
Солтүстік Хоросан облысы Сауда палатасының басшысы Мохаммад Самади де кездесуде осы облыстың, әсіресе ауылшаруашылығы, өнеркәсіптік және сауда салаларындағы мүмкіндіктерін баяндап, Солтүстік Хоросанда тауардың 71 түрінің өндірілетіндігін, оның үлкен бөлігінің әлемнің әртүрлі елдеріне шығарылатынын айтты.
Солтүстік Хоросан облысының 22 адамнан құралған делегациясы сейсенбі күні Әзірбайжан республикасының сауда мүмкіндіктерін бағамдау мақсатында осы елге келді.