БҰҰ Ирандағы адам құқығының жағдайын тексеретін арнайы баяндамашы тағайындады
(last modified Sun, 04 Sep 2016 10:09:17 GMT )
Қыр 04, 2016 16:09 Asia/Almaty
  • БҰҰ Ирандағы адам құқығының жағдайын тексеретін арнайы баяндамашы тағайындады

БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі Ираннан үркіту жобасын жалғастырып, Ирандағы адам құқығының жағдайын тексеру үшін жаңа баяндамашы тағайындады.

БҰҰ-ның Ирандағы адам құқығы жөніндегі бұрынғы баяндамашысы Ахмад Шахид 2016 жылдың қараша айында өз міндетін Асма Джаһангирге тапсырады. Мальдивы дипломаты Ахмад Шахид 2011 жылдың маусым айының 11 күні БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі тарапынан Ирандағы адам құқығы туралы арнайы баяндамашы ретінде тағайындалған болатын.

Иран Сот органының адам құқығы штабының хатшысы Мұхаммад Джавад Лариджани БҰҰ-ның Ирандағы адам құқығы туралы жаңа баяндамашысының тағайындалуын негізсіз деп қабылдамай, оны екіұшты стандарттар мен Адам құқығы кеңесі аясында кейбір елдердің таңдамалы қатынасынан туындаған деп санайды. БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінің Иранға қатынасы мен осындай шешімдерінде адам құқығы мәселесінен жоғарырақ мақсаттардың көзделетіні анық.

ИИР адам құқығына қатысты ережелерді берік сақтап, әрдайым осы салада халықаралық ұйымдармен кең түрде әріптестік жасап келді.

 

Ирандағы адам құқығы жөніндегі арнайы баяндамашы тарапынан Иранға қарсы жарияланатын жалған есептер шын мәнінде қолдан жасалған шынжырдың буынын құрайды. Оның мақсаты әлемдік қауымдастықтың алдында Ирандағы адам құқығы жайлы жағымсыз бейне қалыптастыру болып табылады. БҰҰ-ның адам құқығы туралы критерийлері іс жүзінде кейбір әлемдік алпауыттардың саяси мүдделеріне бағынышты болып отыр. Бұл үдеріс адам құқығының өте құнды шынайы критерийлерін солғындатып көрсетіп, оның орнына саяси мақсаттар қойып отыр.

Адам құқығын қорғаушы халықаралық ұйымдар Еуропа елдері мен АҚШ-та мұсылмандардың діни сенімдеріне қол сұғушылыққа реакция білдірмейтіні, тіпті оны қолдайтыны қалай? Бірақ жемқорлар, адам өлтіргендер мен лаңкестік әрекеттер жасағанды жазалау немесе есірткіге тәуелділікті тарату арқылы қоғамды жоятын есірткі контрабандасымен айналысатындарды дарға асу сияқты жайттар олар үшін адам құқығы тұрғысынан маңыздылыққа ие болады. Әлемде ең көп есірткі өндіруші болып табылатын Ауғанстанмен көршілес болу қатері терроризмнен кем емес осы сұрқия құбылыспен кесімді әрі тежеуші тәсілдер арқылы қатынас көрсетуді талап етеді.

Осындай жағдайда есірткі контрабандасымен қатаң түрде күресу халықаралық ұйымдардың, соның ішінде БҰҰ-ның есірткі заттары және соған қатысты қылмыстармен күрес кеңсесінің қолдауына ие болып отыр. Иран ақлақтық және гуманитарлық көзқарастар тұрғысынан өзін «ажал саудагерлерімен» күресуге жауапты санайды. Ал есірткі контрабандасының соңғы мұраты – Еуропа мен Америка елдері. АҚШ лаңкестікпен күрес  және есірткі контрабандасын жою сылтауымен Ауғанстанға шабуыл жасап, көптеген жазықсыз жандарды өлтірді. Алайда бұрынғыдай бұл елде есірткі өндірісі айтарлықтай артып отыр.

Иранның айналасындағы бір жағынан экстремизм мен терроризм, екінші жағынан есірткі контрабандасы мен ұйымдасқан қылмыстар арасында мағыналы байланыс бар.

Ирандағы адам құқығының жағдайы жөніндегі уәждердің үстемшіл жүйенің әлем халықтары алдында Иранның абыройын түсіру үшін құрал болып отырғаны анық.

Адам құқығын сақтау деңгейін жоғарылатудың сындарлы тақырып екені айқын. ИИР адам құқығына қатысты шынайы мәселелерді азайтуға қажетті әлеуеттерге ие екенін сан рет көрсетті.

Адам құқығы мәселесінің әлемдік деңгейде маңызды екендігі шәксіз. Алайда бүгінгі әлемде  адам құқығына қатысты шынайы жағдайлар, соның ішінде Сауд Арабиясы мен сионистік режим сияқты бала өлтіргіш елдерге АҚШ пен Ұлыбритания сыйлаған тыйым салынған қарулармен Газа мен Йеменде жазықсыз балалар мен әйелдерді өлтіру адам құқығы туралы уәж айтушы АҚШ пен бірқатар еуропалық елдердің тарихындағы өшірілмес қара дақ болып қалады.  

АҚШ-тың Сирия мен Иракта лаңкестерге қолдау көрсетуі, АҚШ-та қара нәсілділердің құқықтарының кең түрде бұзылуы және басқа да оқиғалар адам құқығын қорғау жайлы сөз айтуға ешқандай мұрсат қалдырмайды. Бүгінде әлем осы мәселелер жайлы өз ойын білдіріп, кейбір елдердің не үшін адам құқығы жөнінде баяндамашы тағайындауы қажеттігін айтуы тиіс.   

 

    

Тегтер