Америка 11-қыркүйек оқиғасының жылдығына орай азаматтарының қауіпсіздігіне қатысты ескертті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i14407-Америка_11_қыркүйек_оқиғасының_жылдығына_орай_азаматтарының_қауіпсіздігіне_қатысты_ескертті
Американың Мемлекеттік департаменті 11 қыркүйек оқиғасының 15-ші жылдығы қарсаңында осы елдің әлемнің жер-жеріндегі азаматтарына төніп тұрған қауіп-қатерлерге қатысты ескерту жасап:
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 11, 2016 20:46 Asia/Almaty
  • Америка 11-қыркүйек оқиғасының жылдығына орай азаматтарының қауіпсіздігіне қатысты ескертті

Американың Мемлекеттік департаменті 11 қыркүйек оқиғасының 15-ші жылдығы қарсаңында осы елдің әлемнің жер-жеріндегі азаматтарына төніп тұрған қауіп-қатерлерге қатысты ескерту жасап:

"Қолда бар мәліметтер лаңкестік топтардың бұрынғысынша әртүрлі аймақтарда шабуылдар жасау үшін жоспар құрып жатқанын көрсетеді" деді. Американың Мемлекеттік департаментінің хабарламасына сәйкес, экстремистер бұрынғысынша қоғамдық іс-шаралар өтетін мекендерге, қонақүйлер, клубтар мен ресторандарға, ғибадат орындары мен мектептерге, дүкендер мен сауда орталықтарына, қоғамдық транспорт және батыс азаматтарының отырыстары өтетін әскери емес мақсаттарға шабуыл жасауды жоспарлап отырған көрінеді.