Ресей "Протон" зымырандарын ұшыру кешеніне иелік ету құқығын Қазақстанға береді
Қыр 14, 2016 15:01 Asia/Almaty
Ресейдің "Роскосмос" компаниясы 2020 жылы "Протон" зымырандарын ұшыру кешеніне иелік ету құқығын "Бəйтерек" Қазақстан-Ресей ортақ инвестициялар компаниясына береді.
"Бəйтерек" компаниясы – акционерлері Қазақстанның мемлекеттік мүліктерді жекешелендіру компаниясы мен Ресейдің Хруничев орталығы болып табылатын қазақстандық компания.
ТАСС ақпарат агенттігінің Мəскеуден хабарлауы бойынша, Ресейдің Хруничев орталығының басшысы Андрей Калиновский:"Біз бұрын қазақ əріптестерімізбен белгілі бір мамандандырылған сала бойынша əріптестік жасадық. Әріптестіктер жаңа сатыға көтеріледі",-деді.
Тегтер