Ирандық шахматшылар Бакудегі əлемдік олимпиаданың В тобында жеңімпаз атанды
Шахматтан əлемдік олимпиаданың 42-кезеңі Иран шахматының тарихындағы ең жақсы нəтижемен тұспа-тұс келді.
Шахматтан əлемдік олимпиаданың осы кезеңінде Иран командасы əйелдер мен ерлер бөлімдерінде күткеннен де жоғары нəтиже көрсетті. Иранның шахматтан ерлер командасы жарыстың В тобында бірінші орынға ие болды.
Бакудегі шахматтан əлемдік олимпиаданың 11 əрі соңғы туры ирандық шахматшылардың кесімді жеңісімен аяқталды.
Осы кезеңде Иранның ерлер арасындағы ұлттық командасы Чили командасына қарсы ойнап, 3/5 : 0/5 есебімен жеңіске жетті. Иранның əйелдер арасындағы ұлттық командасы осындай есеппен Əзірбайжан командасын жеңді.
Иранның еркін шахматтан ұлттық командасы осы екі жеңістен соң жарысқа қатысушы 180 елдің арасында 16-ші орынға шығып, В тобының жеңімпазы атанды.