Қыр 18, 2016 14:54 Asia/Almaty
  • Нью-Йорктегі жарылыс салдарынан ондаған адам жараланды

АҚШ-тағы Нью-Йорк қаласының адамдар тығыз орналасқан ауданында болған жарылыс салдарынан ондаған адам жараланды.

«Associated Press» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сенбі күні кешке Нью-Йорктың Челси Манхэттен ауданында болған жарылыс 25 адамның жарақаттануына әкеліп соқтырды.

Нью-Йорктың өрт сөндіру басқармасы жарылыстан 25 адамның жараланғанын, олардың жағдайының ауыр еместігін хабарлады.

Алғашқы хабарлар бойынша, бомба бір қоқыс шелегінің ішіне қойылған екен. Алайда Нью-Йорк полициясы мен өрт сөндіру басқармасы бұл жарылыстың туындау себебі жайлы нақты мәлімет жариялаған жоқ.

Нью-Йорк полициясы мен өрт сөндіру басқармасының өкілдері жарылыс жайлы алынған мәліметтерді сараптап, зерттеп жатқандарын айтты.

Нью-Йорктің Манхэттен ауданындағы Челси осы қаланың ең негізгі ойын-сауық аймағы болып табылады.

 

Тегтер