Нью-Йорктің қақ ортасында «Хұсейн» күні және Хұсейн туының желбіреуі
Америкалық мұсылмандар Нью-Йорк қаласында «Хұсейн» күнін өткізу арқылы шәһидтер көшбасшы имам Хұсейнге (ғ.с.) деген сүйіспеншілігі мен махаббатын көрсетті.
Мұхаррам айының бірінші жексенбісінде Америкада тұратын мұсылмандар «Хұсейн» күнінің рәсімін өткізді. Pars Today агенттігінің хабарлауынша, бұл рәсімде Нью-Йорктің Манхэттен аймағындағы биік мұнаралардың арасында «Уа, Хұсейн» ұраны жаңғырған.
Биылғы жылы АҚШ-тағы әртүрлі елдердің, соның ішінде Иран, Пәкістан, Ауғанстан, Үндістан, Бангладеш мұсылмандары Нью-Йорктің Манхэттен көшелерінде бір-бірімен бірігіп, Кербала шәһидтерін еске алу үшін «Хұсейн» күнің өткізді.
Ислам пайғамбарының (ғ.с.) немересі Имам Хусейн (ғ.с.) мен сүйікті Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) жанұясының сүйіспеншілері зухр және аср жамағат намаздарын оқығаннан кейін Нью-Йорктің Манхэттен ауданының көшелерінде, түрлі топтар мен тілде, Кербала шәһидтер жетекшісі (ғ.с.) мен хазіреттің адал серіктерін жоқтады.
Имам Хұсейниді (ғ.с.) аза тұтушылар бұл тарихи оқиғаны өткен-кеткендерге және басқа дін өкілдеріне раушан гүлінің бұтағы мен Кербала көтерілісі туралы ағылшын тілінде брошюралар тарату арқылы түсіндірді.
Нью-Йорк мұсылмандары «Хұсейн» күні рәсіміне қатысумен қатар, осы қаланың әртүрлі мешіттеріне барып, түрлі аза тұту және дұға ету рәсімдерін өткізу арқылы Аба Абдулла әл-Хұсейн (ғ.с.) мен Кербала көтерілісін еске түсіруде.
Исламдық Иранда имам Хұсейннің (ғ.с.) сүйіспеншілері өздерінің қасиетті жерлерін, тәкиелерін, мешіттерін, тіпті үйлерінің есігін қара жамылғымен жапқан.
Мұхаррам айының аза тұту рәсімдері Исламдық Иранда өткен жылдардағыдай биыл да керемет өткізілмек.
Қайғылы Кербала оқиғасы мен имам Хұсейн (ғ.с.) мен оның адал серіктерінің шәһид болғанынан бері ғасырлар өткегімен бұл оқиғаның маңызы мен мәртебесі төмендемеді, уақыт өткен сайын Ашура хабары мен жолдауы кеңінен таралуда.
Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) немересі, әлем шиіттерінің үшінші имамы хижраның 61 жылы мұхаррам айының 10-ында Кербалада шәһид болды.
Parstoday репортажының жалғасында рәсімнің суреттерін ұсынады: