Ресейден Өзбекстан мен Тәжікстанға ақша аудару көлемі азайған
https://parstoday.ir/kz/news/world-i14863-Ресейден_Өзбекстан_мен_Тәжікстанға_ақша_аудару_көлемі_азайған
Ресейдің Орталық банкі бұл елден Өзбекстан мен Тәжікстанға ақша аудару көлемінің азайғанын, ал Қырғызстанға көбейгенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 21, 2016 16:21 Asia/Almaty

Ресейдің Орталық банкі бұл елден Өзбекстан мен Тәжікстанға ақша аудару көлемінің азайғанын, ал Қырғызстанға көбейгенін хабарлады.

Ресейдің Орталық банкі: «Ақша аудару жүйесі бойынша Мәскеуден Орта Азия елдеріне трансшекаралық ақша жіберу көлемі  2016 жылдың екінші кварталында осы жылдың бірінші кварталымен салыстырғанда 563 млн долларға артып, шамамен 2 млрд 438 млг долларды құрады»,-деп хабарлады. Ресейден Орта Азия елдеріне ақша аудару көлемінің азаюы соңғы жылдарда  бұл елдердің жұмыс мигранттары жіберетін қаражатқа қатты тәуелді болып отырған жағдайда орын алып отыр.