Халықаралық ирантану форумында парсы тілінің маңыздылығы қуатталды
Ресейдегі Иран елшісі Меһди Санаи ирантану ғылымы мен парсы тілін үйренуді адамзаттың ең көне өркениеттерінің бірін тану үшін ирандықтар мен әлем жұртшылығы арасындағы байланысты кеңейтудегі маңызды фактор деп атады.
Ресейдегі Иран елшісі Меһди Санаи бейсенбі күні Мәскеуде «Еуразия ирантанушылары» атты халықаралық форумда сөйлеген сөзінде ирантану ғылымы мен осы салада зерттеу ісі мен белсенділік танытуда ресейлік ирантанушылардың орнын жоғары бағалап: «Еуразия ирантанушылары» қоғамын құрудағы негізгі мақсат осы саланы орыс тілді аймақта өрістету болып табылады. Ол Орталық Азия, Кавказ, Ресей және тағы да басқа орыс тілді елдердің ирантанушыларының әріптестік мекені бола алады» деді.
Еуразия ирантанушыларының халықаралық форумы бейсенбі күні Иран, Ресей, Қытай, Жапония, Америка, Польша, Ұлыбритания, Қазақстан, Тәжікстан және Армения елдерінің осы саланың әйгілі мамандары мен ұстаздарының қатысуымен Мәскеуде өтті.