Қыр 24, 2016 21:43 Asia/Almaty
  • Обаманың Башар Асадтан кешірім сұрағаны расталды

Ресей Сыртқы істер министрі АҚШ президентінің осы ел қырғи ұшақтарының Сирия армиясына шабуыл жасағаны үшін Башар Асадтан кешірім сұрағанын айтты.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей телеарнасынан таратылған сұхбатында Барак Обаманың америкалық қырғи ұшақтардың Сирия армиясына шабуыл жасағаны үшін Башар Асадтан кешірім сұрағанын растады. Америкалық коалицияның қырғи ұшақтары өткен аптада Дайр-эз-Зоур әуежайының айналасындағы әл- Сарде шатқалдарында Сирия армиясының әскери тұрғыларын бомбалады. Соның салдарынан Сирия армиясынан 90 адам қаза болды.

 

 

Тегтер