Иран мен Ресейдің санитарлық гигиена саласындағы ынтымақтастықтары қарастырылады
Иранның Денсаулық министрінің Ресей сапарында Иран мен Ресейдің санитарлық гигиена мен медицина салаларындағы ынтымақтастықтарын кеңейту жолдары қарастырылады.
Иранның Денсаулық министрі Хасан Қазизаде Хашеми бүгін, сәрсенбі күні Иран мен Ресейдің денсаулық саласындағы ынтымақтастықтарына қажет жағдай тудыру үшін делегацияны басқарып, Мәскеуге аттанды.
Қазизаде Хашеми Ресей сапарында бұл елдің Денсаулық министрлігінің басшыларымен кездесуімен бірге Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі санитарлық гигиена мен емдеу орталықтарын аралайды.
Екі күндік сапарда Иран мен Ресей санитарлық гигиена мен медицина салаларындағы ынтымақтастықтарына қатысты бірнеше құжатқа қол қойылады.
Иран мен Ресейдің әртүрлі, соның ішінде саясат, экономика, сауда, технология, мәдениет пен қорғаныс салаларындағы қарым-қатынастары мен ынтымақтастықтары өткен бірнеше жылда айтарлықтай кеңейді.