Ресейде ирандық дәрі өндіріле бастады
Шашыраңқы склероз ауруын емдейтін дәрі өндірісінің линиясын жолға қою Иран ислам республикасының Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім министрі Хасан Ғазизаде Хашемидің қатысуымен Ресейдің Санкт-Петербург қаласында басталды.
Сәрсенбі күні Санкт-Петербургте пайдалануға берілген ирандық жаңа дәріні өндіру бойынша Теһран мен Мәскеудің ынтымақтастықтары үшін құрылған жоспар негізінде ирандық тарап өзінің ресейлік серігімен жасалған келісімге сәйкес финголимод дәрісі үшін шикізат өндіру технологиясын жеткізуді жүзеге асырады.
Осы ынтымақтастық бойынша шашыраңқы склероз дәрісінің шикізаты әлемдік жоғары стандарттармен халықаралық ұйымдар тарапынан расталып, Ресей және өзге елдердің дәрі нарығына ұсынуға болатындай өндіріледі.
Сондай- ақ бейсенбі күні Мәскеуде Иранның Денсаулық сақтау министрінің Ресейдің Денсаулық сақтау министрі Вероника Скороцвамен келіссөзінде дәрі- дәрмек және медициналық жабдықтар саласындағы байланыс бойынша екі протоколға және үкіметаралық денсаулық сақтау ынтымақтастықтарының операциялық шара бағдарламасы мен екі елдің жекеменшік бөлімдері тарапынан 12 құжатқа қол қойылады.