Қаз 03, 2016 14:55 Asia/Almaty
  • Велаяти: Иран еш уақытта Израильді ресми түрде танымайды

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Иранның сионистік режимді ресми түрде танымайтынын кесіп айтты.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Әлиакбар Велаяти жексенбі күні Теһранда журналистердің алдында Германияның Экономика министрінің "Иран сионистік режимді ресми түрде тануы керек" деген шартын қабылдамай: «ИИР басқыншы сионистік режиммен қарым-қатынас орнатуды қажет етпейді.

Германия қайраткері бұл сөздерді сионистер мен америкалықтардың көңілдерінен шығу үшін айтты. Бұл талап еш уақытта орындалмайды, өйткені ИИР еш уақытта заңсыз құрылған режимді ресми түрде қабылдамайды»,- деп қуаттады. Велаяти сонымен бірге америкалықтардың Сирияға әскери араласуға жағдай жасауы туралы баяндап, АҚШ-тың бұл әрекеттерінің Ауғанстан мен Ирактағы сәтсіздіктерінен де ауыр жеңіліске ұшырайтынын айтты.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің «АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табанды болды» деген уәждерін теріске шығарып: «Егер АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын алға ілгерілеткісі келсе, өз міндеттемелерін орындауы тиіс»,- деп баса айтты.

 

 

Тегтер