Қазақстан мен Ресей ынтымақтастықтарының 13- ші саммиті жұмысын бастады
Қазақстан мен Ресей ынтымақтастықтарының 13- ші саммиті жұмысын бастады.
Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастықтарының 13- ші саммиті Қазақстан мен Ресейдің ірі компанияларының, соның ішінде «Форбес» және «Глобал-2000» компаниялары өкілдерінің қатысуымен Астанадағы «Тәуелсіздік» сарайында жұмысын бастады.
Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз бюросының мәлімдеуі бойынша, осы екі күндік форум барысында дөңгелек үстелдер өткізіліп, транспорт, туризм өнеркәсібі, сауда саласындағы кедергілер мен шектеулерді жою және екі ел арасындағы қос жақты ынтымақтастықтарға қатысты маңызды мәселелер талқыға салынып, қарастырылады.
Осы мәлімет бойынша, форумның соңында тамақ өнеркәсібі, химия, металлургия, инновация, инженерия, дәрі-дәрмек жасау және құрылыс материалдарын өндіру негізінде 30-дан астам экономикалық маңызды келісімшартқа қол қою жоспарланып отыр.
Сонымен қатар екі елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин осы форумның жабылу рәсіміне қатысып, баяндама жасайды.