Хасан Рухани Венесуэла Президентімен телефон арқылы сұхбаттасты
ИИР Президенті Венесуэла Президентімен телефон арқылы сұхбатында мамандардың әлем бойынша мұнай бағасын көтеру туралы шешім қабылдауы қажеттігін қуаттады.
Президент аппараты баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Иран Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні түстен кейін Николас Мадуромен телефон арқылы сұхбаттасып, Алжирдегі саммитте Иранның үлесін сақтау және санкцияларға дейінгі деңгейге жеткізу туралы Венесуэланың ұстанымына алғыс айтып: «Барлық елдер мамандар комитетінің қараша айында өтетін келесі саммитте әлем бойынша мұнай бағасын көтеруге ықпал ететін шешімдер қабылдауына талпыныс жасауымыз қажет»,-деп қуаттады.
Рухани Венесуэла Президентінің ОПЕК-ке мүше елдердің Алжирдегі саммитының жетістіктері туралы сөздеріне тоқталып: «Әлем бойынша мұнай бағасын көтеріп, тұрақтандыру үшін ОПЕК-ке мүше емес елдермен байсалды түрде келіссөздер жүргізілуі тиіс. Сонымен бірге мамандардың отырыстарында елдердің мұнай экспортындағы үлесін бөлу үшін тиісті шешімдер қабылдануы керек»,-деді.
Венесуэла Президенті осы телефон арқылы сұхбатта Руханидің Венесуэлада өткен Қосылмау қозғалысына мүше елдер басшыларының саммитына қатысқаны үшін алғыс айтып: «Венесуэла ИИР-мен қарым-қатынасты дамытып, тереңдетуді қалайды»,-деді.
Николас Мадуро, сондай-ақ, Алжирде өткен ОПЕК-ке мүше елдердің саммитына тоқталып: «Иран мен Венесуэла аймақтық және әлемдік мәселелерде, әсіресе ОПЕК-ке қатысты тақырыптарда ортақ әрі үйлесімді ұстанымдарға ие. Бұл – біздің сәттілігіміздің кілті мен құпиясы»,-деді.