Лавров: Араласу шаралары Таяу Шығысты қанға бөктіріп отыр
Ресей Сыртқы істер министрі: "Күш қолдану арқылы үкіметтерді өзгерту жобасын ілгерілету мақсатындағы бөгделердің араласуының салдарынан Таяу Шығыстың тұрақтылығы бұзылып, қанға бөгіп отыр" деп мәлімдеді.
ИРНА-ның хабарлауынша, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ пен осы елдің Таяу Шығыс аймағындағы батыстық- араб одақтастарының үстемшіл ұстанымдарын сынап: «Қазіргі оқиғалар күш қолдану, аймақтағы күштердің теңгерімін бұзу және аймақ елдерінің тарихи-мәдени дәстүрлеріне көзжұмбайлық танытып, біржақты шараларды таңу арқылы үкіметтерді өзгерту теориясын ілгерілету үшін шара қолданып отырған елдердың саясаттарының салдарлары болып табылады.
Ирак, Ливия, Йемен және Сириядағы соғыстар осындай ұстанымдардың салдарларының айқын мысалдары болып табылады.
Палестина мен Израиль арасындағы дау мен Таяу Шығыс мәселелерін шешу үдерісі тығырыққа тіреліп отыр. Біздерді Таяу Шығыс пен Африканың солтүстігіндегі ахуал туралы шынайы алаңдаушылық біріктіріп отыр. Бүгін аймақ қанға бөгіп отыр. Осы жағдай Таяу Шығыстан тыс аймақтардың да тұрақтылығын бұзады» деді.