Ресей атом қуаты саласындағы АҚШ-пен екінші келісімін тоқтатты
Ресей АҚШ-тың осы елге қарсы саясаттарына наразылық ретінде өткен үш күнде америкалық тараппен атом қуаты саласындағы екінші ынтымақтастық келісімін тоқтатты.
ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев сәрсенбі күні кешке төмен байытылған отынмен жұмыс істейтін атом электр стансасын жобалау және салуды зерттеу мен жоспарлау келісімін іске асыру аясындағы ынтымақтастықтарды тоқтатуға бұйрық берді.
2013 жылдың қыркүйек айында қол қойылған келісімге сәйкес, Ресейдің жоғары байытылған отынмен жұмыс істейтін зерттеу реакторларын төмен байытылған отынды пайдаланатын реактормен алмастыру жобасы жүзеге асырылуы керек болатын.
Тоқтатылған келісімде плутонийді әскери мақсатта қолданбаумәселесі қарастырылды. Екі тарап бұл салада әріптестік жасаған болатын.
Ресей Президенті Владимир Путин дүйсенбі күні АҚШ-тың дұшпандық әрекеттері деп атаған шаралардан кейін жарлық шығарып, Мәскеу мен Вашингтон арасындағы плутонийді жою туралы келісімді тоқтаттты.