Ресей мен Қазақстан құны 27 миллиард долларды құрайтын келісімдерге қол қойды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i15706-Ресей_мен_Қазақстан_құны_27_миллиард_долларды_құрайтын_келісімдерге_қол_қойды
Ресей мен Қазақстан Астана қаласында құны 27 миллиард долларды құрайтын келісімдерге қол қойды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 06, 2016 15:56 Asia/Almaty
  • Ресей мен Қазақстан құны 27 миллиард долларды құрайтын келісімдерге қол қойды

Ресей мен Қазақстан Астана қаласында құны 27 миллиард долларды құрайтын келісімдерге қол қойды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Президенті Владимир Путин мен Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ресейлік және қазақстандық ірі компаниялардың өкілдерінің қатысуымен өткен Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастықтарының 13-ші саммиті  аясында құны 27 миллиард долларды құрайтын 40 ортақ келісімге қол қойды. Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастық келісімдері түрлі салаларды, соның ішінде, азық-түлік өндірісі, металлургия, инновация, инженерия, фармацевтика және құрылыс материалдарының өндірісі салаларын қамтыды.

Аталмыш келісімдерге қол қою рәсімдерінде Қазақстан Президенті биыл Ресей Президентімен сегізінші рет жүздесіп, сұхбаттасып отырғанын айтып: «Бірақ бұл кездесу біз үшін және ресейлік тарап үшін ерекше маңыздылыққа ие» деп қуаттады.

Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастықтарының 13-ші саммиті 3-4 қазан күндері қазақстандық және ресейлік ірі компаниялар, соның ішінде, Forbes мен  Global 2000 компаниялары өкілдерінің қатысуымен Астананың Тәуелсіздік сарайында өтті.

Осы екі күндік саммитте тасымал және логистика, туризм индустриясы, сауда саласындағы шектеулерді жою және екі елдің ортақ ынтымақтастықтары үшін маңызды болып табылатын тағы да басқа мәселелер қарастырылды. Саммиттің  жабылу рәсіміне Мәскеу және Астана басшыларының қатысуының мақсаты Ресей мен Қазақстан ынтымақтастықтарын кеңейту болып табылады.

Мамандардың айтуынша, Астана мен Мәскеу басшыларының өткен бір жыл ішінде сегіз рет кездесуінің себебі екі елдің екіжақты қатынастарды кеңейтуді маңызды санайтығында. Сонымен қатар, қазақстандық және ресейлік компаниялардың құны 27 миллиард долларлық келісімдерге қол қоюы екі елдің үкіметтік және жеке компанияларының екіжақты қарым-қатынастарға деген қызығушылығын көрсетеді.

Қазақстан үкіметі үшін Ресей өзара қарым-қатынас жасаудағы ең жақсы вариант болып табылатындығы белгілі. Соған қарамастан, шындықтарға көз жұма қарауға болмайды. Орталық Азия елдері арасында Қазақстанның өзінің Ресейге деген тәуелділігін әлі сақтап отырған жалғыз ел екендігі шындық.

Басқаша айтқанда, 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Қазақстан Ресейге деген экономикалық және саяси тәуелділігінен арылып, ынтымақтастықтар үшін басқа варианттар таба алатын еді, алайда мүмкіндіктерді тиімді пайдалана алмады.

Сарапшылардың айтуынша, бір елдің түрлі варианттарды қарастыруы сол елдің қиыншылықтарын азайта алады. Оған қоса, егер Қазақстан азық-түлік өнімдерінің импортында тек Ресейге тәуелді болса, осы елдің экономикасында қиыншылық туындаған жағдайда, өз елінің ішінде де қиыншылықтарға душар болады.

Астана үкіметінің шешімдерінің жақсы жағы батыстық үстемшіл елдерден, әсіресе, АҚШ-тан алшақтауы  болып таблады. Қазақстан батыстық үкіметтермен, соның ішінде,  АҚШ-пен қатынас жасауға әрекеттенгенімен, екіжақты байланыстарды аса маңызды деп атауға келмейді. Шын мәнінде, Қазақстанның экономикасы батыс үкіметтеріне тәуелді емес. Бұл Астана басшылары үшін оң мәселе. Әсіресе соңғы жылдары батыс үкіметтері өздерінің саяси мүдделерін жүзеге асыру үшін экономикалық қанау тәсілін пайдаланып келгенін растады. Мұндай саясаттарға батыс үкіметтерінің Украинаның ішкі қақтығыстарына араласу сылтауымен Ресейге қарсы экономикалық санкция салуы жатады.

Жалпы алғанда, Қазақстан мен Ресейдің әрбір кезеңдік отырыстан кейінгі екіжақты ынтымақтастықтары екі елдің саяси, экономикалық, қауіпсіздік және сауда салаларындағы байланыстарын нығайтуға көмектеседі.

Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастықтарының 13-ші саммитінің де бұл қағидадан тыс қалмағаны сөзсіз. Астана мен Мәскеу басшыларының осы саммиттің жабылу салтанатына қатысуы екі елдің қарым-қатынастарының маңыздылығы мен екі жақтың стратегиялық ынтымақтастықтарды нығайтуды қуаттайтынын көрсетеді.