Малайзия парламентінің төрағасы Иран президентімен кездесті
ИИР президенті Иран мен Малайзия үкіметтерінің жақынырақ байланыс орнатуға және қос жақты ынтымақтастықтарды кеңейтуге мүдделі екендігін мәлімдеді.
ИИР президенті Хасан Рухани сенбі күні Куала- Лумпурда Малайзия парламентінің төрағасы Пандикар Амин Мулиамен кездесуінде осы елдің үкімет басшысымен өткізген келіссөздеріне сілтеме жасап: «Екі елде бар мүмкіндіктерді игі байланыстарды тезірек жүзеге асыру үшін пайдалану керек.
Теһран мен Куала- Лумпур өз қарым- қатынастарының деңгейін бірінші кезеңде санкцияларға дейінгі деңгейге жеткізуге, келесі кезеңде де өзара тауар айналымын жылдамдықпен екі есеге арттыруға бел буып отыр. Қолдау көрсету және парламенттік ынтымақтастықтарды күшейту осы үдерісті жылдамдатады» деді.
ИИР президенті аймақ пен ислам әлеміндегі жағдайға сілтеме жасап: «Қазіргі кезде ислам әлемінде бірлік орнату үшін діни, ахлақтық және адами жауапкершіліктің қажеттілігі артып отыр. Иран мен Малайзия ислам әлеміндегі екі үлкен ел ретінде үйлесімділікті көбейту арқылы мұсылмандардың қиыншылықтарын шешуге көмектесе алады» деді.
Малайзия парламентінің төрағасы Пандикар Амин Мулиа да Малайзия парламентінің Иран ислам республикасымен барлық салаларда байланыстарды кеңейтіп, күшейтуді қолдайтынын мәлімдеді.