Қаз 13, 2016 17:49 Asia/Almaty
  • АҚШ пен Сауд Арабиясы Мосулдағы ДАИШ лаңкестерін құтқаруға келісті

АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирактың солтүстігіндегі Мосул қаласын азат ету амалдары басталмай тұрып, ДАИШ лаңкестік тобының мүшелерін қауіпсіз жолмен осы қаладан шығарып, Сирияға аттандыруға келісті.

Al-Alam телеарнасының хабарлауы бойынша, Мәскеудегі бір әскери-дипломатиялық дереккөзі Ресейдің РИА-Новости ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Мосул қаласын азат ету амалдары үшін тиісті дайындықтар жасалғанын назарға ала отырып, АҚШ пен Сауд Арабиясының барлау ұйымдары екіжақты келісімге келді. Бұл келісім бойынша, Мосулдағы барлық қарулы лаңкестерге өз жанұяларымен бірге қауіпсіз жолмен осы қаладан шығуға ұсыныс жасалған. 

АҚШ пен Сауд Арабиясының жобасы ДАИШ лаңкестерін Мосулдан Сирияға тасымалдауды қамтиды. Сол жоба бойынша, бұл топтың 6 мыңнан астам мүшесі Мосул қаласынан Сирияның шығысына тасымалданып, Дейр эз-Зор мен Тадмор қалаларын басып алу амалдарына қатысатын болады»,-деді.

Тегтер