Ресейдің соғыс кемелері Иранның Каспий теңізіндегі жағалауларына қарай жол тартты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i16117-Ресейдің_соғыс_кемелері_Иранның_Каспий_теңізіндегі_жағалауларына_қарай_жол_тартты
Ресейдің Каспий теңізі флотындағы екі кемесі 15 күндік миссия аясында Иран мен Қазақстанның Каспий теңізіндегі жағалауларына қарай аттанды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 15, 2016 11:26 Asia/Almaty
  • Ресейдің соғыс кемелері Иранның Каспий теңізіндегі жағалауларына қарай жол тартты

Ресейдің Каспий теңізі флотындағы екі кемесі 15 күндік миссия аясында Иран мен Қазақстанның Каспий теңізіндегі жағалауларына қарай аттанды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің Қорғаныс министрлігі жұма күні зымыран атушы «Татарстан» кемесі, «Градижск» зымырандық кемесі мен техникалық қолдау көрсететін кемелерінің жоспарланған сапарын растады.

Бұдан бұрын аталмыш теңіз бөлімшесі өзінің бейресми сапарында Қазақстанның Ақтау қаласы мен Иранның Анзали айлақтарына тұрақтайтын болады деп хабарланған болатын.

Ресейдің Қорғаныс министрі осы кемелер тобының Иран мен Қазақстанға сапарының мақсатын Каспий теңізі маңындағы елдер арасында халықаралық әріптестікті нығайту деп атады.

Иран мен Ресейдің теңіз күштері Каспий теңізіндегі ынтымақтастық аясында соғыс кемелерінің сапарын ұйымдастырып отырады.