Исламдық ұйымдар «UNESCO» ұйымының қарарын қолдады
Қаз 15, 2016 21:09 Asia/Almaty
Исламдық ұйым мен Араб бірлестігі «UNESCO» ұйымының исламдық қасиеттіліктерді қолдау жөніндегі қарарын қолдады.
«UNESCO» 13 қазан күні бір қарардың жобасын бекітіп, «әл- Ақса» мешіті мен еврейлер арасындағы кез- келген діни байланысты жоққа шығарып, «әл- Ақса» мешітін мұсылмандар үшін қасиетті мекен деп атады. «UNESCO» ұйымына мүше 24 ел осы қарардың жобасына оң дауыс берсе, 6 ел қарсы дауыс беріп, 26 ел қалыс қалды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы «UNESCO»-ның қарарынан кейін сионистік режим аталмыш ұйыммен ынтымақтастығын тоқтатты.