Иран мен Ресей Орталық Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті күшейтуде рөл атқаруда
Қаз 20, 2016 04:42 Asia/Almaty
Мәскеудегі Иран елшісі Меһди Санаи Иран мен Ресейдің Орталық Азия мен Кавказда бейбітшілік пен қауіпсіздікті күшейтуде әсерлі рөл атқарып жатқанын мәлімдеді.
Меһди Санаи «Ресей мен Иранның Еуразияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтушы факторлар ретіндегі саяси, экономикалық және мәдени салалардағы серіктестігі» атты конференцияға жолдауында Иран мен Ресейдің барлық деңгейлердегі байланыстарының кеңеюін екі ел басшыларының ерік-жігерінің нәтижесі деп атап: «Иран мен Ресей екі үлкен ел ретінде өздерінің аймақтық және халықаралық серіктестіктерімен Орталық Азия мен Кавказ аймағында бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуда айтарлықтай рөл атқаруда» деді.
Тегтер