Рухани Латын Америкасы, соның ішінде Венесуэламен қарым-қатынасты дамытуды қуаттады
ИИР Президенті: «Теһран Латын Америкасы, соның ішінде Венесуэламен ынтымақтастықты дамытып, кеңейтуді қуаттайды»,-деді.
ИИР Президенті Хасан Рухани сенбі күні Теһранда Венесуэла Президенті Николас Мадуромен кездесуінде: «Латын Америкасы, соның ішінде Венесуэла Иранның сыртқы саясатында ерекше орынға ие. Осы аймақпен ынтымақтастықты дамытып, кеңейту Иран үшін өте маңызды. Қуанышымызға орай, екі тараптың ынтымақтастық үдерісі өткен жылдары даму үстінде болды»,-деп сөзін жалғады.
ИИР Президенті: «Иран мұнай нарығын тұрақтандырып, әділетті баға белгілеп, өндірушілердің үлесін әділетті бөлетін кез-келген шараны қолдайды. Мұнымен қоса, бұл салада ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдердің үйлесімдігі мен әріптестігі қажет болып отыр»,-деп баса айтты.
Венесуэла Президенті Николас Мадуро да осы кездесуде өзінің мұнай өндіруші елдермен кеңестеріне тоқталып: «Мұнай бағасын тұрақтандыру үшін жаңа шара ойластыру қажет. ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдер арасында кеңесулерді арттыруымыз керек»,-деді.