Рябков: Сирияда атысты тоқтату бітімі ұзартылмайды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i16747-Рябков_Сирияда_атысты_тоқтату_бітімі_ұзартылмайды
Ресей Сирияда қайтадан атысты тоқтату бітімін орнатуды қаламайтынын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 24, 2016 15:59 Asia/Almaty
  • Рябков: Сирияда атысты тоқтату бітімі ұзартылмайды

Ресей Сирияда қайтадан атысты тоқтату бітімін орнатуды қаламайтынын мәлімдеді.

Ресей СІМ-нің орынбасары Сергей Рябков «Интерфакс» агенттігіне берген сұхбатта сенбі күні аяқталған Сириядағы атысты тоқтату бітімінен кейін Ресейдің бұл елде тағы да атысты тоқтату бітімін орнатуды мақсат етіп отырмағанын мәлімдеді.

Рябков сөзінің жалғасында «Атысты тоқтату үшін біздің қарсыластарымыз үкіметке қарсы топтардың Сирияның Алеппо қаласының шығысындағы жаралыларды тасымалдауға дұрыс қатынас жасайтындығына кепілдік беруі керек» деді.

Бұдан бұрын Ресей СІМ Сергей Лавров Сирия үкіметіне қарсы топтарды Алепподан әскери емес бейбіт тұрғындарды шығаруға кедергі жасады деп айыптаған болатын.

Ресей атысты тоқтатудағы мақсат ретінде аймақ тұрғындарын қауіпсіз дәліздер арқылы шығарып, жаралылар мен әскери жасақтарды Алеппоның шығыс аймақтарынан тасымалдау деп атады.