Ресейдің діни қайраткері әртүрлі мазхабтарды жақындастыруға талпыныс жасау қажеттігін қуаттады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i17014-Ресейдің_діни_қайраткері_әртүрлі_мазхабтарды_жақындастыруға_талпыныс_жасау_қажеттігін_қуаттады
Ресейдің Мүфтилер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары осы кеңестің мұсылмандарды бір-біріне жақындастыруға және ислам мазхабтарын одан ары жақындатуға талпыныс жасап жатқанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 28, 2016 13:26 Asia/Almaty
  • Ресейдің діни қайраткері әртүрлі мазхабтарды жақындастыруға талпыныс жасау қажеттігін қуаттады

Ресейдің Мүфтилер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары осы кеңестің мұсылмандарды бір-біріне жақындастыруға және ислам мазхабтарын одан ары жақындатуға талпыныс жасап жатқанын хабарлады.

«Тасним» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің Мүфтилер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Дамир Мухетдинов бейсенбі күні Құмдағы Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының зерттеулер орталығына барғанда екі тараптың арасындағы келісім бойынша, осы ассамблеяның туындыларының 5 жыл бойы Ресейде орыс тіліне аударылып жатөанын мәлімдеді.

Мухетдинов Ресейде 25 млн мұсылманның бар екенін айтып: «Ресей Еуропадағы ең үлкен мұсылман ел болып саналады. Мәскеудің өзінде 2 млн мұсылман өмір сүреді»,-деді.

Ресейдің Мүфтилер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының туындыларында шиіт пен сүннит мазхабтарының ортақтықтарының ең жақсы тәсілмен баяндалғанын айтып: «Иран мен Ресей саяси тұрғыдан өте жақсы әрі жақын қарым-қатынасқа ие. Екі елдің арасында өзара сенім кеңістігі қалыптасқан. Ресейдің Мүфтилер кеңесі араб тілімен қоса, елде парсы тілінің де үйретілуін көздеп отыр»,-деді.