Қар 03, 2016 14:34 Asia/Almaty
  • Америкалық құмар ойыншылар Трамптың жеңетіндігіне бәс тігіп отыр

Президенттік сайлауға бірнеше күн қалғанда америкалық құмар ойыншылар республикашыл үміткер Дональд Трамптың жеңетіндігіне бәс тігіп отыр.

Әл-Алам ақпарат арнасының хабарлауынша, америкалық бәс тігу клубы басшыларының бірі Пит Морроу бұл жайында: "Орталық барлау басқармасы Хиллари Клинтонның электронды поштасын тексеру туралы хабарды жариялағаннан бері Трампқа бес ұтыс тігілген кезде, Клинтонға бір ғана ұтыс тігілетін болды" деді. 

Америкалық бәс тігушілердің алдында Клинтонның беделінің түсуі сауалнамалардың нәтижесі бойынша Трамптың Клинтоннан қалып қойғаны жариялағаннан кейін орын алды. 

Айова университетінде нәтижесін зерттеу жұмысында қолдану үшін өткізілген бәс тігудің нәтижелері бойынша, Трамптың беделі көзге көрінерліктей артқан. Он күн бұрын осы университеттің бәс тігуінде Трамптың жеңіске жету ықтималдығы тек 9 пайыз ғана болған. Алайда өткен дүйсенбі күні бұл көрсеткіш 40 пайызға артты. 

 

Тегтер