Қар 05, 2016 20:05 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранға қарсы дұшпандық саясаттарын жалғастырып жатыр

1979 жылы АҚШ-тың Теһрандағы «тыңшылық ұясында» осы елдің Иранға қарсы тыңшылық жұмыстары мен қастықтары туралы құжаттар әшкере болғаннан кейін АҚШ-тың сол кездегі президенті Иранға қарсы төтенше жағдай орнатты.

Төтенше жағдай туралы заңды 1977 жылы АҚШ-тың Конгресі бекітіп, оған осы елдің сол кездегі президенті қол қойған. Осы заңға сәйкес, президентке сыртқы тараптан Құрама Штаттарынының қауіпсздігіне қатысты төтенше қауіп-қатерге реакция ретінде ұлттық төтенше жағдай жариялау арқылы АҚШ-тың сол тараппен қатынасын реттеу өкілеттігін береді.

Барак Обама биылғы жылы «тыңшылық ұясын» басып алу әрекетінің жылдығы күні 3 қарашада осы елдің Өкілдер палатасының төрағасы Пол Райанға жолдаған хатында бұл жағдайды ұзартты.

Обама бұл хатында осы шешімін түсіндіріп былай деп жазды: "Біздің Иранмен қарым-қатынасымыз әлі тұрақталған жоқ, жасаған келісімдеріміз әлі жүзеге асырылған жоқ. Сол себепті Иранға қатысты төтенше жағдайдың ұзартылуын қажет деп санадым".

АҚШ бұл әрекетімен екі мақсатты көздеп отыр. Бірінші мақсат – аймақтағы Ираннан үркіту саясатын жалғастыру.

Иранға қарсы төтенше жағдайды ұзарту АҚШ-тың ойында Иранның әрдайым бір қауіп-қатер ретінде саналатындығын көрсетеді. Алайда егер АҚШ-тың өткен 50 жылдағы Иранға қарсы әрекеттеріне қарайтын болсақ, АҚШ-тың өзінің әрекеттері мен саясаттарының әрдайым Иран халқы үшін қауіп-қатерлер мен бейберекеттіктер тудырғанын көреміз. АҚШ аймақ пен Ирак, Ауғанстан және тағы басқа Иранның көршілес елдерінде басқыншылық әрекетімен Иранның қауіпсіздігі мен ұжымдық қауіпсіздікке шынайы қатерлер тудырған. Оның салдары аймақта лаңкестіктің өрістеуінен көрінеді. АҚШ қауіпсіздік орнатуды сылтауратып, Парсы шығанағы аймағындағы араб елдеріне миллиардтаған долларлық қару-жарақты сату үшін өткен отыз жылда аймақ елдерін қауымдық және тайпалық мәселелермен бетпе-бет келтірді. Сондай-ақ, әрдайым Иран мен аймақ елдері арасындағы қауіпсіздік интеграциясына кедергі тудыруға талпыныс жасап келеді.

АҚШ-тың Иранға қатысты төтенше жағдайды ұзартудағы екінші мақсаты – Иранның аймақтық және халықаралық деңгейдегі рөлінің артуына қарсылық білдіру.

Қазір "Ортақ қадам" бағдарламасы жүзеге асырылғаннан кейін Иранның аймақ байланыстарындағы рөлі арта түсті. Бұл өзгеріс іс-жүзінде АҚШ-тың басқа бөлімдердегі Иранға қарсы дұшпандық әрекеттерінің үдеуіне себеп болды. АҚШ Иранның зымырандық қорғанысы сияқты мәселелерді көтеріп, Иранды аймақтық қауіпсіздік үшін қатер төндіретін ел ретінде көрсетуге талпыныс жасауда. Иранды лаңкестікті қолдаумен айыптау да АҚШ-тың Иранға қарсы қысым көрсетуге арналған құралдарының бірі.

АҚШ-тың Иранмен мәселесі осы ел халқының революцияшыл болмысы мен  бұл елдің АҚШ-тың үстемшілдігіне қарсы тәуелсіз ұстанымдары болып табылады. Бұл жағдай аяқталмайынша, АҚШ-тың пікірінше Иран қауіп-қатер болып саналып, АҚШ-тың Иранға қатысты төтенше жағдайы жалғасатын болады.

 

Тегтер