Қар 06, 2016 15:14 Asia/Almaty
  • Невада штатында Трамптың кампаниясының қауіпсіздігіне қатер төнді

АҚШ-тың президенттік сайлауындағы республикашыл үміткер Дональд Трамптың Невадада жасаған баяндамасы жұрт арасында қарулы адам көрінгеннен кейін шуға ұласты.

«Жас тілшілер» клубының хабарлауынша, АҚШ-тың қауіпсіздік күштері сенбі күні Невада штатындағы Рено аймағындағы сайлауалды науқан кезінде АҚШ президенттік сайлауының үміткері Дональд Трамптың қауіпсіздігіне қатер төнгендіктен оны жылдам алып кеткен.

Осы оқиғадан кейін қауіпсіздік күштері жиындағы бірнеше адамды құрықтау үшін шара қолданған. Бірнеше минуттан кейін Трамп баяндамасын жалғастыру үшін жұрттың алдына қайтып келген.

Бұл АҚШ-тың президенттік сайлауында Дональд Трампты қолдаушы бір топ адам кеше Флорида штатында бір сайлауалды жиынында аталмыш үміткер осы аптадағы сайлауда жеңіске жетпесе, көтеріліс жасап, оның демократшыл бәсекелесі Хиллари Клинтонды түрмеге қамайтындықтары туралы ескерту жасаған жағдайда орын алды.

Республикашыл үміткерді қолдаушылар егер Трамп жеңіске жетпесе, сұм жүйеден құтылу үшін бүлік шығаратындықтарын жариялады.

 

Тегтер