Ресей мен Тәжікстан әуе рейстерін жалғастыруға келісті
Ресей мен Тәжікстан Мәскеудегі Жуковский әуежайынан жолаушы ұшақтарының ұшуын жалғастыруға келісті.
Иранның шетелдік торабының тәжік тіліндегі радиосының ресейлік ТАСС ақпарат агенттігінің сайтына сілтеме жасап сейсенбі күнгі хабарлауынша, Ресейдің Көлік және коммуникация министрлігі рейстерді жалғастыру үшін Тәжікстанмен жасалған екіжақты келісімін растап: «Жаңа келісім бойынша бұдан былай ресейлік компаниялар апта сайын Мәскеу маңында жаңадан құрылған Жуковский әуежайынан Тәжікстанға екі қосымша рейс ұшырады.
Бүгінде Ресейдің 15 қаласынан Тәжікстанға жолаушы ұшақтары ұшып жатыр. Апта сайын Душанбе қаласына 13 рейс, Худжанд қаласына 15 рейс, сонымен қатар Куляб пен Қорғантөбе қалаларына бірнеше рейс ұшады» деп мәлімдеді.