Қар 11, 2016 18:02 Asia/Almaty
  • Обама: Трамппен билікті тапсыру туралы сұхбаттасу сындарлы болды

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамппен кездесуін сындарлы өтті деп бағалап, сайланған президентпен мәселелердің ауқымды спектрі туралы сұхбаттасқанын айтты.

Иран Телерадио ұйымының хабарлауынша, Барак Обама бейсенбі күні Ақ үйде өткен осы кездесуден кейін Трамппен сондай-ақ билікті тыныштықта тапсыру үдерісін басқару, сыртқы және ішкі саясат туралы келіссөздер өткізгенін хабарлады. 

Дональд Трамп та Обамамен кездескеніне ризашылық білдірумен қатар, АҚШ президентімен кездесуінің нәтижесін оң бағалап, өзі мен Обаманың арасындағы екіжақты әріптестіктердің билікті тапсыруға дейін жалғасатындығына үміт білдірді.

Осындай жағдайда Ақ үйдің ақпарат хатшысы Джош Эрнест Барак Обама мен Дональд Трамптың алғашқы кездесуінен кейін осы екеуінің сұхбаттары билікті тапсыру және соған қатысты мәселелерге байланысты болғанын мәлімдеп, Обаманың Трамп туралы көзқарасының өзгермегенін мәлімдеді. Барак Обаманың сайлауалды жиналыстарында Трампты ашық түрде мұқатып, оны АҚШ-ты басқару біліктігінен кенде деп атаған болатын.

Трамп та сайлауалды науқанында сөйлеген сөзінде Обама кезеңіндегі маңызды саясаттардың көбін тоқтатуға уәде берген болатын.

 

Тегтер